1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
ПОДПИСАН МЕМОРАНДУМ С ЦЕНТРАЛЬНЫМ ДОМОМ БУХГАЛТЕРОВ О ПОДГОТОВКЕ КОНСУЛЬТАНТОВ ОСМС
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қызмет етуі туралы мақсатты аудиторияның хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру жобасы аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры серіктестік бастамаларын кеңейтуді жалғастыруда. Осыған орай, 17 сәуірде Қор мен Орталық бухгалтерлер үйі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісімде МӘМС үшін аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі бойынша білімді арттыруға бағытталған бірлескен білім беру іс-шараларын іске асыру көзделген.

Тәжірибелік семинарлар өткізу – қол қойылған меморандум аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыты.

«Орталық бухгалтерлер үйімен ынтымақтастық – кәсіби қауымдастықты тарту жолындағы маңызды қадам. Мұндай серіктестік арқылы біз ақпараттық қолдауды күшейтіп, мамандардың дайындығын арттырамыз», – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Сәркенова деп атап өтті.

Өз кезегінде Орталық бухгалтерлер үйінің директоры Альмира Шарафутдинова білім беру бастамаларының маңыздылығына тоқталды:

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен ынтымақтастық орнату – біз үшін үлкен мәртебе. Бірлескен жұмысымыз МӘМС жүйесі бойынша мамандардың білімін тереңдетуде маңызды рөл атқарады деп сенеміз. Жарналарды төлеу тәртібі мен есептеу механизмдерін түсіндіруге бағытталған білім беру іс-шаралары бухгалтерлерге қолданыстағы нормаларды жақсы түсініп қана қоймай, оларды кәсіби қызметінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді».

Есеп және салық саласы бойынша жетекші білім беру орталықтарының бірі ретінде Орталық бухгалтерлер үйі кәсіби қауымдастық арасында МӘМС туралы өзекті ақпаратты таратудың сенімді серіктесіне айналады. Меморандум аясында тұрақты бірлескен іс-шаралар өткізу және сараптамалық өзара іс-қимылды дамыту жоспарланған.

Ал 18 сәуір күні осы меморандум аясында алғашқы вебинар өтті. Онлайн іс-шараға 100-ден астам бухгалтер қатысты. Қатысушылар жарна төлеу, Қормен өзара әрекеттесу мәселелері бойынша толық ақпарат алды.

Қор еліміздің жетекші білім беру ұйымдары және кәсіби бірлестіктерімен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруда. Айта кетейік, алғашқы МӘМС кеңесшілерін даярлау бойынша меморандум Астана медициналық университетімен жасалған болатын.
22.04.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу